Палуандар кілемді болды

(0 Votes)

 "Жауырыны жер иіскемес" палуандар мен атағы алты құрлыққа бойлаған әйгілі спортшылардың көбі ауылдан шығатынын аудан спортшыларының өзі-ақ дәлелдеп жүр. Осы орайда бейбіт күннің батырларына мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдау аз емес.

Халықаралық, республикалық додалара топ жарып ел намысын қорғап жүрген  С.Шынтасов бастаған бірнеше саңлақтарымызды түлеткен Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебі бүгін қуанышқа  кенелді. Естеріңізде болса, қаңтар айында аудан әкімінің есеп беру жиналысында аталмыш спорт мектебіне бозкілемдер сұратылған болатын. Міне, сол өтініш жерде қалмай,  аудан әкімі Жұмабай Ғаббасұлының қолдауымен НКОК компаниясының демеушілігімен 2 еркін күрес кілемі және 2 дзюдо татамиі тарту етілді.

Жарқын істер айтулы додадағы жеңіске жетелесін демекпіз.

А.Садыков,

сурет автордікі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521