«Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.»
(Ғ.Мүсірепов)
130 дан астам ұлт өкілдері мекендеген еліміздегі ұлтаралық достық, этносаралық татулық мәселесінде ортақ тілдің алар орыны ерекше. Өйткені бір мемлекетте мемлекеттік тіл төңірегінде топтасу түсінісуімізге, бір – бірімізді тереңірек ұғынуымызға жол ашатыны мәлім. Мемлекетімізді мекен еткен әр бір азаматымыздың жүрегінде елге, жерге, рәміздеріміз бен тілімізге деген құрметі жоғары болуы керек. Осы мақсатта Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінде қыркүйек айында мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыру үшін «Тіл татулық тірегі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Шараға Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері толық қатысып, ұлттық нақыштағы киіммен Абай Құнанбаевтың қара сөздерін, мақал-мәтел, жаңылтпаштар мен шешендік сөздер айтудан сынға түсіп, елжандылықтарының, мемлекеттік тілге деген құрмет, жауапкершіліктерінің жоғары екенін көрсете білді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады. Бұл мәселенің даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйтқысы ете білгеніміз жөн.»
Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет деген сөзін әр бір Қазақстандық өз қаперінде ұстауы тиіс.
Бақтияр Дәуренқұлов , Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің
(әкімшілік тәжірибе) офицері
әділет капитаны