Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында футзалдан 2008-2009 және 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық Республикалық турнир өткен болатын.
Аталмыш турнирге аудан атынан қатысқан “Мақат БЖСМ” командасы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
“Мақат БЖСМ” командасының 2008-2009 жылы туған спортшылары І орын алса, 2012-2013 жылы туған жас аяқдопшылары ІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ, жекелей номинация бойынша Самғат Самат “Үздік қорғаушы” және Арсен Нұрболұлы “Үздік сұрмерген” аталымдарына ие болды.
Осылайша Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Ануар Теңдібай және Ержан Шарафиевтың еңбегі ақталды.
Өз тілшіміз