Мемлекеттік қызметкерлер үстел теннисінен күш сынасты

(0 Votes)

Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ел алдындағы міндетін абыроймен атқарып жүрген мемлекеттік қызметкерлер арасында "Спорт - адалдық пен теңдіктің әлемі" атты ұранмен үстел теннисінен жарыс өтті.

«Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткізілген сайыс 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналды.

Теннис үстелдің үстінде күш сынасқан мемлекеттік қызметкерлердің қай қайсысы да осал болмады. Тартысқа толы ойын нәтижесінде аталмыш спорт кешенінің басшысы А.Джугинисов алдына жан салмай, бірінші орынды иеленді. Күміс жүлде Н.Исполовтың қанжығасына байланып, А.Нұрпейісов қоланы қанағат тұтты.

juginisob-1

Сондай-ақ бес қатысушы алғыс хатпен марапатталды.

Елінің алғысына бөленіп жүрген қызметкерлер осылайша  қолы қалт еткенде спорттық шараларда да белсенді екенін байқатты.  

А.Садыков

       

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521