Мақаттық ұлт-аспаптар оркестрі Халықтық атағын қорғады

(0 Votes)
Фото: аудандық мәдениет үйі фейсбук парақшасынан алынды

 Жергілікті көрерменнің көзайымына айналған өнер ұжымдарының бірі – аудандық мәдениет үйі жанындағы Халықтық ұлт-аспаптар оркестрі.

Олар қараша айының соңында облыстық Халық Шығармашылығы орталығында «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 28 наурыздағы №93 бұйрығына сәйкес, «Халықтық» атағын қайта рәсімдеу үшін комиссия отырысына қатынасып, атақтарын абыроймен қорғап қалды. Оркестрге облыстық ғылыми-әдістемелік, халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының басшысы Жәнібек Аманиязовтың атынан ауданның ұлт-аспаптар оркестрінің «Халықтық» атағы 2022 жылдың 25 қараша №05-08-3/84н бұйрығымен қайта рәсімделгенін растайтын куәлік табыс етілді.

Ауданымыздың атын асқақтатып жүрген өнерпаздарымызды өз мықтылықтарын қайта дәлелдеулерімен құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!

                                                                                                                          

 А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521