Спортшының үнемі тыңғылықты дайындықпен жүруі - оның биік белестерге жету жолындағы басты қағидасы.
Тіпті бір сәттік босаңсудың өзі жарыс төрінде қарсыластың қапыда сан соқтырып кетуіне жетіп жатыр. Төрткүл дүние аты жаман аурудан әбігерге түскенде, салауатты өмір салтын ұстанатындар сабырлы қалыпымен бұрынғы белсенді қозғалыстарын жалғыз болса да жалғастыруда. Бұл ретте аудан спортшылары әсіресе Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің тәлімгерлері тіпті бұрынғыдан да қатты қарқын алғандай.
Әр уақытын тиімді пайдаланып жатқан спортшылар, жаттығу жұмыстарын бейнеге түсіріп желіде бөлісуде. Әсіресе палуандардың физикалық дайындығы көрген жанның көзін сүйсіндіреді. Боксшылар мен аяқ допшылар да, үстел теннисіндегілер мен волейболшыларымыз да қарап қалып жатқан жоқ. Мамандардың айтқанын бұлжытпай орындап, тәртібіне бой ұсына білсек, әлі-ақ жеңіске бірге жетеміз.
Үйден ішіңіз пысып, зерігіп жатсаңыз, спортшылардың әрекетін бірге қайталап серігіп қалыңыз.
А.САДЫКОВ