"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында сенбілік өтті

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында сенбілік өтті
(0 Votes)

Құрманғазы ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік өткізілді.

Аталған шараға ауданға қарасты 13 ауылдық округ пен 47 мекемеден жалпы саны 390 адам қатысып, туған жердің тазалығы үшін еңбек етті. Сенбілік барысында 13 тіркемелі трактор техникасы және 2 Уаз автокөліктері жұмылдырылып, нәтижесінде 22 тонна тұрмыстық және қатты қалдықтар жиналды.

Бұл игі шара аудан тұрғындарының табиғатқа деген жанашырлығын, тазалыққа деген жауапкершілігін тағы бір дәлелі. Ауыл-аймақтардағы көшелер, көпшілік жүретін жол бойлары мен су айдындарының жағалаулары тазартылып, қоршаған ортаға күтім жасау – ортақ парыз екенін көрсетті.

Құрманғазы ауданы тұрғындарын туған өлкені таза ұстауға шақыра отырып, "Таза Қазақстан" акциясына белсенді қатысып, табиғатты аялауға үлес қосуға үндейміз.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT