Қазақстандық балуан араға жеті жыл салып әлем чемпионы атанды

Исхар Құрбаев. Фото: uww.org
(0 Votes)

Иордания астанасы Амманда өткен күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Грек-рим күресінен 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Исхар Құрбаев чемпион атанды.

Ол чемпионат барысында түркиялық Эмре Мутлуді 6:1, түркменстандық Абдуали Рахымбаевты 8:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда қырғызстандық Нұрсұлтан Сүйеуқұловты ұтса, финалда әзербайжандық Фарих Садыхлыны 5:1 есебімен жеңген.

Осылайша, Исхар араға 7 жыл салып қазақ балуандары арасынан әлем чемпионатының алтынын алып отыр. Жеті жыл бұрын Темірлан Шадукаев чемпион атанған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT