Ищан жеңісін мұнайшыларға арнады

(0 Votes)

Жаңа Өзен қаласында Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған «Jayynger» жауынгерлік өнер фестивалі өтті. Кешті Қазақстан жауынгерлік өнер ассоциациясы ұйымдастырды.

Шара барысында муай-тай, панкратион, кудо, ММА спорт түрлері бойынша Азия және Әлем чемпиондары жекпе-жек өткізді. Кездесу барысында 11 кәсіпқой кездесу өтті.

Муай-тай бәсекесінде жерлесіміз Ищан Галиев 60 келі салмақта екі кездесу өткізіп, жауынгерлік өнер фестивалінің жеңімпазы атанды. Алғашқы кездесуінде ол қырғыз спортшысы Арген Керімбековті уақытынан бұрын жеңсе, ақтық сында Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Оспан Ерқанатты 3:0 есебімен ұтты.     

mautaishy

«Былтыр алғаш рет Тайланд елінде кәсіпқойлар арасында жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатынмын. Бұл жолы да жеңіс бізге бұйырды. Жеңісімді мұнайшыларға арнаймын, өйткені бұл-ортақ жеңіс. Бапкерлерім Галиев Мейрам мен Исламның еңбегі зор»,- дейді чемпион.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521