10 мың көрерменді жинаған "Open air-2019"

(0 Votes)

Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған концерт 1 қыркүйек күні жаңарған орталық алаңда өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сахнадағы дыбыс пен жарықтандыру технологиясы қойылымдардың жарқын әрі керемет болуына ұйтқы болды. Кеште Мәдина Сәдуақасова, Райм мен Артур, Назима, Ақылбек Жеменей, Бүркіт пен Айша, Музарт тобы, Ержан Максим, Айқын, Тамара Асар сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

madina

muzart

Атыраулықтар өздерінің сүйікті әншілерімен бірге ашық аспан астында ән шырқады.

Концерт соңында мерекелік отшашу болды. Пиротехникалық шоу көрермендерді ерекше таңғалдырды.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT