Илья Ильин директор болды

(0 Votes)

Белгілі ауыр атлет Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады. Спортшы бүгін Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне кірісті.

«Бұл шешімді қабылдау маған оңайға соққан жоқ. Мен Токио Олимпиадасына қатысуды алдыма мақсат еткен едім. Дегенмен аталған додада белгілі себептерге байланысты кейінге шегерілді. Сондықтан мен спортшы ретінде карьерамды аяқтап, енді аталған салада қызмет атқаруды дұрыс деп санадым. Осылайша, спорт саласында менеджмент мәселесін жан-жақты меңгерсем деймін. Келешекте бапкерлік қызметке келуім де мүмкін. Оны уақыт көрсете жатар. Қазіргі ең басты міндетім – жаңа қызметте өзімнің қабілетімді жан-жақты көрсете білу», – деді Илья Ильин.

Илья Ильинді жаңа қызметке тағайындау барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет облыс жұртшылығы атынан жылы лебіз білдірді. Сыр өңірі жұртшылығы үшін талантты спортшы қай кезде де беделі биік саңлақ ретінде бағаланады.

aikyn.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT