Мақаттық шахматшылар жүлдесі

(0 Votes)

Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай 6-9 мамыр аралығында Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ғ.Айдаралиев атындағы облыстық шахмат федерациясы шахматтан облыстық ашық "Biz Uidemiz" онлайн турнирін ұйымдастырды.

Сайыcқа Ақтөбе, Атырау қаласынан  және Қызылқоға, Мақат, Индер, Құрманғазы, Исатай аудандарынан барлығы 134 шахматшы қатысқан болатын. Олардың ішінде сегіз спорт шеберлігіне кандидат, қырыққа тарта 1 разрядты шахматшылар болды. Ойыншылар жарыс ережесі бойынша "блиц", "рапид", "композиция" номинациялары бойынша сайысты.

97158396_859068467924501_7002653209273565184_n

Төрт күнге созылған турнирлердің нәтижесі бойынша ауданнан қатысқан екі шахматшы да жүлделі орыннан көрінді. Атап айтсақ, 65 жасар шахматшылармен шеберлік салыстырған   Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінен теория пәнінің оқытушысы Естай Ғинаятов "Композиция" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ, 12 жастағы жасөспірімдер сапында сынға түскен Л.Шахатов атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Ержан Жетпіс "Рапид" номинациясы бойынша ІІІ орынмен марапатталды.

Болашағынан зор үміт күттіріп, ұстаздарының сенімін арқалаған жасөспірім жетістіктер желкенін  әлі талай желбіретіп, биік шыңдарды бағындырамын дейді. Аймақ шахмытына серпіліс сыйлап, тынысын кеңейткен талантты шахмат жүлдегерлеріне біз де толағай табыстар тілейміз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521