Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт онлайн өтті

(0 Votes)

7 мамыр - Отан қорғаушылар күнінде аудан тұрғындары тікелей эфир арқылы аудан өнерпаздарының концертін тамашалады. 

ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Е.Қошановтың Отан қорғаушылар күнін және Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар туралы тапсырмасына орай аудандық мәдениет үйі жанындағы «Тұран» триосының мерекеге арналған «Біз Жеңістің ұрпағымыз!» атты онлайн концерті болып өтті. «Тұран» триосы әншілері Бекзат Мұханбетжанов, Жасұлан Сисембаев, Азамат Елубаев онлайн концертті өз репертуарларындағы «Ассалаумағаллейкүм» атты әнмен ашып, «Анаға сағыныш», «Туған жер», «Наз қоңыр», «Әке –Ана», патриоттық тақырыпта «Қазақ жігіттері», «Сарбаздар», «Жеңіс күні» сияқты әндерін орындады. Концерт соңын «Мен қазақпын» әнімен  қорытындылады. Төтенше жағдай кезінде өз тыңдармандырына мерекелік көңіл-күй сыйлаған «Тұран» триосына көрермендер алғысын білдірді. 

i

Сондай-ақ, бұл күні Доссор мәдениет үйінің әншілері де онлайн концерт берді. Гүлжан Бисаханова, Айнагүл Әбілқасова, Айнұр Садуақасова инстаграм әлеуметтік парақшасы арқылы тындармандарын патриоттық сарындағы әндермен сусындатты. 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521