Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Оның қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты.
Жылдан-жылға ауданда спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанатындар саны артып келеді.
Жақында республикалық жарыстардың жеңімпазы атанып жүрген бір топ жас спортшыларға «спорт шеберлігіне үміткер» атағын айқындайтын арнайы куәлік дайындалып, ауданға жолданған екен.
Осыған орай, Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінде іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Н.Исполов, Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Жүгінісов, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Іс-шарада Алпар Мұратұлы, Амандық Жұмабай, Ақжол Аққойшиев, Жансерік Ерғали, Ербол Маратұлы еркін күрестен « Қазақстан республикасының спорт шеберлігіне үміткер» атағы берілді.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында өткен 23-жасқа дейінгі өткен ел чемпионатында жерлестеріміз Макат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо жаттықтырушысы Аманқосов Дулат 73-кг салмақта 2-орын және мектебіміздің оқушысы Сапарғалиев Әділет 1-орынды жеңіп алған болатын.
Ақтөбе қаласында өткен бокстан Ерлан Қайырқожа қола жүлдеге ие болды.
Аталған спортшыларды шара барысында ұйымдастырушылар атынан аранайы сыйлықтар табысталып, марапатталды.
А.Масатқызы