Mergen fighting Championship - Халықаралық турнирі 19 маусым күні "Жайық" спорт кешенінде өтеді. Оған Өзбекстан, Ресей, Грузия, Украина, Қырғызстан және Қазақстаннан 22 спортшы қатыспақ. Яғни 11 ымырасыз жекпе-жек күтіп тұр.
Бұл дүбірлі дода да жерлестеріміз де өз бақтарын сынамақ.
Атап айтсақ, муай-тайдан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Саясатов өзінің кәсіпқой жекпе-жектегі алғашқы кездесуін грузиялық спортшы Нодар Хотенашвилиге қарсы өткізбек.
Сондай-ақ Ищан Галиев те ринг төрінде грузиялық спортшы Гиорги Пошидзеге қарсы тұрмақ.
Ал кештің басты жекпе-жегінде елімізге танымал спортшы Қуат Хамитов пен украиналық Роман Головинов арасында өтпек.
Бұл кәсіпқой турнирде өзге де атыраулық спортшылар өнер көрсетеді.
Айта кету керек, МFC халықаралық турнирі алғаш рет өткелі отыр.
Өз тілшіміз