Ағымдағы жылы Қазақстан жүкті әйелдерге мамандандырылған көмектің қолжетімділігін кеңейтті және туа біткен даму кемістіктерін ерте анықтау жүйесін күшейтті.
18 перинаталдық орталықтың базасында «Бір күндік клиникалар» жұмыс істейді, онда 100 мыңға жуық жүкті әйел бір реттік келу шеңберінде зерттеп-қарауларды қоса алғанда, 500 мыңнан астам қызмет алды.
Бағдарламаны іске асыру ұрықтың туа біткен кемістіктерін анықтаудың 13%-ға өсуіне, пренаталдық скринингтермен қамтудың 8%-ға ұлғаюына, даму кемістіктерінен нәресте өлімінің 15%-ға және даму кемістіктерінен бастапқы мүгедектіктің 7,5%-ға төмендеуіне әкелді. Жоғары технологиялық көмек дамуда: феталдық хирургия енгізілді. 2025 жылы 92 жатырішілік операция жасалды, 105 болашақ нәрестенің өмірі сақталды.
Көп ұрықты 79 жүкті әйел сәтті босанды. Уақтылы мамандандырылған көмекті қамтамасыз ету үшін 22 облыстық перинаталдық орталықта Ұрықты қорғау орталықтары құрылды. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нәресте өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті — 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда 5,84, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға төмен.
10 айда жаңа туған нәрестелердің өлімі 1 мың тірі туған нәрестеге шаққанда 3,4-тен 3,1-ге дейін төмендеді.



