Атырауда 23 жасқа дейінгі ерлер арасында Қазақстан чемпионатының ІV тур ойындары өтуде

(0 Votes)

 Атырауда 23 жасқа дейінгі ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының ІV тур ойындары өтуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дүбірлі додаға 8 команда қатысуда. Олар:«Еслік СК-2»,«Тараз-2», «Жайық-2», «Алтай-2», «Буревестник-2», «Ұшқын Көкшетау-2», «Павлодар-2» және «Атырау-2» командалары. Алдыңғы үш тур ойындарының қорытындысы бойынша «Атырау» командасы 49 ұпаймен жалпы есепте екінші орында келеді.

- Қазіргі ел чемпионаты 5 кезеңнен тұрады. Ойыншыларымыздың көрсеткіштері жаман емес. Сәуір айының 10-19 аралығында тағы бір ойынымыз Тараз қаласында өтеді. Сол жерде кіл мықтылар анықталады,- деді клубтың құрылтайшысы, облыстық волейбол федерациясының директоры Ғабиден Қайыржанов.

Аталған спорттық дода 23 наурызға дейін жалғасады. Келем деушілерге «Нұрсая» спорт кешеніне кіру тегін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз