ДРОППЕР БОЛУ — ҚЫЛМЫС!

(0 Votes)

 Құрметті азаматтар! Интернет-алаяқтар «оңай табыс» ұсынып, банк картаңызды немесе шотыңызды пайдалануға шақырып жатыр. Мұндай ұсыныстарға келіскен адам дроппер деп аталады және қылмыстық схемаға қатысушы болып саналады.

 ЕСКЕРТЕМИЗ:

 • Банк картаңызды, IBAN шотыңызды, мобильді банкинг деректеріңізді бөтен адамға беру — қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

• Бөтен адамның ақшасын қабылдап, үшінші тұлғаға аудару — ақшаны заңдастыруға көмектесу болып табылады.

• Мұндай әрекеттер үшін 3 жылдан 7 жылға дейін жаза қарастырылған.

  Өзіңізді қорғаңыз:

 • «Жеңіл ақша» ұсыныстарына сенбеңіз.

• Күмәнді сілтемелерді ашпаңыз.

• Банк құпияларын ешкімге бермеңіз.

 • Күдікті жағдай болса, құқық қорғау органдарына хабарлаңыз. Алаяқтарға алданып қалмаңыз! Қауіпсіздігіңіз — өз қолыңызда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT