Елордада өткен Азия біріншілігінде жерлесіміз Глеб Повстянко чемпион атанды

(0 Votes)

Астана қаласында каратэ-киокушинкай бойынша Азия чемпионаты өтті. Атыраулықтар  1 алтын, 1 күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Жарысқа әлемнің 12 елінен 300-ге  жуық спортшы қатысты. Додада Қазақстан құрамасының спортшылары қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, көшбасшы атанды.  Екінші орынды Иран өкілдері иеленді.  Үздік үштікті Қырғызстан құрамасы еншіледі.

4520cb17-4015-412e-9398-de06146348f9
Құрама сапындағы 16-17 жас аралығындағы ұлдар арасында 65  келі салмақта жерлесіміз Глеб Повстянко алтын медалге қол жеткізді.  Сондай-ақ, 60 келі салмақта Аружан Абрахманова күміс жүлдегер атанды.


-Бапкерімнің және сенген ата-анамның сенімін ақтай алғаныма қуаныштымын. Алдағы жарыстарға дайындаламыз. Бұған дейін Еуропа және әлем чемпионы атағын жеңіп алуды мақсат етіп қойған болатынмын. Бұл күн міндетті түрде келетініне сенімдімін және біз жарқын жеңістерімізбен қуанта береміз, деді Г.Повстянко.

5ed3e3c2-bf5b-4c0a-a47d-e11e410c5019


Айта кетейік, қазір чемпиондар 5-6 маусым күндері Испанияда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521