Облыстың палуандары марапатталды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Атырау облысының «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі» федерациясының президенті Нұрлан Үсеев өңірдің спорт саласына зор үлес қосқан, түрлі спорттық жарыстарда жеңіске жетіп жүрген жастарды қабылдады.
Федерация өкілдері алдымен Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде болып, наурыз айында өткен жастар арасындағы ел чемпонатында облыс мерейін арттырған сортшылар мен жаттықтырушыларды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен бірге, Атырау қаласында өткен Федерация жиынында ересектер арасындағы Азия чемпионатының жүлдегерлері грек-рим күресінен Мақсат Ережепов пен еркін күрестен Талғат Сырбазды жеңісімен құттықтап, сертификат табыстады.
-Бүгінгі күні облысымызда күрес түрлерін дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, спортшыларымыз түрлі деңгейдегі сайыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр. Қазақстан чемпионаттарында жеңіске жеткен спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймын, - деді Н.Үсеев.
Айта кетейік, облысы бойынша спорт мектептерінде еркін күреспен 1412 бала, грек-рим күресімен 400 бала айналысады.