Ардагер шахматшы жүлдесі

(0 Votes)

Жақында Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ғ.Ә.Айдаралиев атындағы облыстық шахмат федерациясы шахматтан облыстық ашық онлайн турнир ұйымдастырды. Турнирдің мақсаты – карантин кезінде ойыншылардың бос уақытын тиімді пайдалану, заманауи технологиялар арқылы шахматшылардың тәжірибесін көтеру.

Шахмат сайысына Атырау, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Тараз, Шымкент қалаларынан және Мақат, Индер, Исатай, Құрманғазы, аудандарынан барлығы 82 шахматшы қатысқан турнир өте тартысты өтті. Бұл шараға 65 жастан жоғары және 12 жасқа дейінгі балалар қатысты. Олардың арасында бес спорт шеберлігіне үміткер, отызға жуық 1 разрядты шахматшылар болды. Ойыншылар жарыс ережесі бойынша «блиц», «рапид», «композиция» номинациялары бойынша сайысты. Үш күнге созылған турнир нәтижесі бойынша «Композиция» (есеп шешу) номинациясында ойын көрсеткен Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің ардагер ұстазы Естай Ғинаятов ІІ орынға ие болды.

Турнирге қатысқан барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль және грамоталармен марапатталды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521