Доссорлық каратэшілер топ жарды

фото: Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен алынды
(0 Votes)

Жақында Атырау қаласында каратэден қалалық ашық чемпионаттың 6-7, 8-9, 10-11, 12-13 және 14-15 жастағы балалар арасындағы қалалық ашық чемпионаты өтті. 

Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен жарысқа Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінен 19 бала қатысып, оның 11-і жүлделі қайтты.

Атап айтқанда, З.Жауғашар, А.Садиман I орын иеленсе, М.Жауғашар, М.Берікқали, Ж.Оразбек, С.Оңғарбай, Б.Таңатар II орынды еншіледі. Сондай-ақ А.Шапиева, Р.Жұмағали, Қ.Зайлаш, А.Боранбай III орынды місе тұтып, қоржынды қола медальмен толықтырды.

Бұл тұста айта кетейік, ашық чемпионатта топ жарған спортшылардың жеңісінде жаттықтырушы Айдана Саясатованың еңбегі зор.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT