Әбіл – АҚШ-та ел намысын қорғайды

(0 Votes)

АҚШ-тың Алабама штатындағы Бирмингем қаласында XI Дүниежүзілік ойындар өтіп жатыр. Төрт жылда бір рет өтетін олимпиадалық емес спорт түрлерінің жарысына әлемнің әр елінен келген 3500-ден астам спортшы 34 спорт түрінен 223 медаль жиынтығын сарапқа салуда.

Соның ішінде Қазақстан құрамасы 8 спорт түрінен аттанған 16 спортшыға үміт артады. Олар кикбоксинг, садақ ату, муай-тай, джиу-джитсу, спорттық акробатика, брейкинг, WKF каратэден жүлдеге таласады.
Дүниежүзілік ойындарда ел құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені әйелдер арасында каратэден +68 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Софья Берульцева салды. Ол финалдық сында испаниялық Мария Гарсияны 7:1 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, әлемдік дода да аудан муайтайшысы Әбіл Галиев ел намысын қорғамақ. 15-17 аралығында өтетін муай-тай жарысында Әбіл 63,5 келі салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Ендеше, Әбілге де Софьяның жолын беріп, алтынмен апталсын тілейміз!
«МТ»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT