АУЫР АТЛЕТИКАДАН АШЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

АУЫР АТЛЕТИКАДАН АШЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
(0 Votes)

Мақатта ауданның 100 жылдығына орай ұйымдастырлыған ауыр атлетикадан ұлдар мен қыздар арасында республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті. 

Жарыста Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе облысы, Атырау қаласы мен Мақат ауданынан барлығы 250-ге жуық зілтемірші 12 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты.

Екі күн бойы өткен сайысқа қатысқан мақаттық 16 спортшының екеуі алтын алса, біреуі күміс жүлдеге ие болды.

Атап айтсақ, Айдан Сатыбалды 33 келі салмақта және Мейырбек Асылбек 49 салмақта 1 орын иеленсе, Ерасыл Мұрат 89 келі салмақта 2 орынмен марапатталды.

Аудан жеңімпаздарын жүлделерімен құттықтаймыз.

Жеңісті күндерміз көп болсын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT