Аудан мұғалімдері үздіктер қатарында

(0 Votes)

Қарағанды қаласында республикалық Президенттік көпсайыс өтті. Іс-шараны «Қазақстан Республикасы Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс Федерациясы» мен республикалық «Спорт жұлдыздары» журналы ұйымдастырды. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жеті жас ерекшелегіне орай дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты.

Аталмыш турнирде аудан намысын Мақат балалар спорт мектебінің бокс жаттықтырушысы Парасат Құлмұханов,  аудандық «Балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлық клубының» жаттықтырушылары Абзал Салимов   және Ербол Құбайдоллаев қорғап, үздік нәтиже көрсетті. Қорытындысы бойынша Парасат Құлмұханов І орын және Абзал Салимов, Ербол Құбайдоллаев ІІ орын иеленді. Сондай-ақ үш жаттықтырушы да «Спорт жұлдыздары» журналының редакция алқасының шешімімен «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» куәлігі және төсбелгісімен марапатталды.

«100 метр қашықтықты 11 секундта жүгіріп өтсем, 3 км қашықтықты 9 минутта бағындырдым. Ал, турникке 15 рет тартылып, бірінші разрядты орындадым. Сайыс өте қызықты өтті. Осы жарысқа барып келуге қолдау білдірген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне алғыс білдіремін»,- дейді Парасат.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521