АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
(0 Votes)

 Жақында дзюдодан Орал қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы және былтырғы жылы Өскемен қаласында өткен кіші жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында аудан спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Осы ретте аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудан мерейінің үстем болуына айрықша ықпал етіп жүрген спортшылар мен олардың бапкерін қабылдады.

Кездесу барысында аудан басшысы аудан спортшылары халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысып, үлкен нәтижелерге қол жеткізіп жүргендігі үлкен мақтаныш екендігін айтып, спортшыларға қашанда қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Сондай-ақ, ел чемпионатында шәкірттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орын иеленуіне қосқан үлесі үшін дзюдо бапкері Абзал Капсалимов пен жеңіспен оралған бос кілем шеберлеріне аудан әкімінің арнайы алғыс хаты мен естелік сыйлықтар және сертификаттар табыс етті.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT