1–10 наурыз күндері Филиппин елінің Нью-Кларк қаласында су добынан 18 жасқа дейінгі жастар арасында өткен ХІ Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші орынға қол жеткізді.
Қола жүлдегер атанған Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсететін атыраулық споршылар – Егор Белоусов пен Али Даурен де бар.
Айта кету керек, Егор Белоусов – су добынан Қазақстан жастар құрамасының капитаны.