Құлсары қаласында бір ай көлемінде шығармашыл жастарға арналған «Жастар Fest» аймақтық байқауы өтіп жатыр. Фестиваль «Ақын болсам айбарлы, жыр жазатын» атты ақындар мүшәйрасымен ашылды. Мүшәйраға еліміздің батыс аймағынан ақындар жиналды.
Байқауға қатысып, бағын сынаған әріптесіміз Анварбек Садыков та қатысып, 2-орын иегері атанды. Бұл сында алдымен ақындар еш жерде жарияланбаған төл туындыларын оқыса, кейін өздері таңдаған тақырыптарына сәйкес, берілген уақыт ішінде өлең шығаруы сынынан өтті.
Осылайша бұған дейін де ақындар айтысының бірнеше мәрте жүлдегері болған Анварбек аймақтық бәсекеде аудан мерейін үстем етті. Біз оның жеңістің төрінен табыла беруіне тілекшіміз.
«Мақат тынысы»