Халықтың репродуктивті денсаулығының маңыздылығы

Халықтың репродуктивті денсаулығының маңыздылығы
Сурет: Автордікі
(0 Votes)

 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың 24-28 маусым аралығында халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау апталығы басталды. 

Осыған сәйкес, Мақат аудандық орталық ауруханасында жас отбасыларға бала жоспарлау түсінік жұмысы жүргізілді. Шараның басты мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығының маңыздылығы туралы түсінік беру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Акция барысында жастар арасындағы репродуктивті денсаулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында Жастар ресурстық орталығында денсаулық сақтау мамандары жастармен кездесу өткізді. Кездесуде жастарға ерте жаста жүктілік, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар туралы ақпарат берілді.

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT