Инсульт жас талғамай тұр

(0 Votes)

Жыл сайын 29-қазанда барлық елдерде Дүниежүзілік инсультпен күрес күні (World Stroke Day) аталып өтеді. Бұл күнді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2006 жылы осы ауруға қарсы күрес бойынша жедел белсенді іс-қимылдарға шақыру мақсатында бекітті. 

«Бас ми тамырларының аурулары қазіргі қоғамның маңызды медициналық-әлеуметтік проблемаларының бірі, оның себебі халықтың аурушаңдығы мен өлім-жітімі құрылымындағы үлесінің жоғары болуы, алғашқы мүгедектік себептеріне байланысты» - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

«Бүгінгі күні Атырау облысы бойынша инсультпен жылына 1300 дей адам ауырады. Өкінішке орай олардың 20 пайызы көз жұмады. Олардың ішінен 15 пайызы стационарда ем алу кезінде, қалған 5 пайызы үйіне шыққан соң 1 ай уақыт көлемінде қайтыс болады. Тірі қалған пациенттердің ішінен 70-80 пайызы мүгедек болып қалып жатыр. Инсульт ауруы облыс көлемінде жылдан-жылға жасарып келеді. Соңғы кездерде бұл дертке 30 бен 40 жас жамасындағы жас азаматтар да шалдығып отыр.» - деді Атырау облыстық ауруханасының мидың қан айналымының жіті бұзылулары бар науқастар үшін инсульттық орталығының меңгерушісі, жоғары санатты невролог дәрігер Марта Жеңісқызы Исмайлова.

Марта Жеңісқызы инсульттың алдын алу жоспары қандай?

Алдын алу жоспары емханалық кезеннен басталады, яғни әрбір адам тұрғылықты жері бойынша емханасында айына бір рет, «Біріншілік қаралу бөлмесінен» өту керек. Бұл бөлмеде салмақ, артериалды қан қысымы, қанда қант мөлшері өлшенеді. Қандайда бір өзгерістер анықталса дәрігер қабылдауынан кейін диспансерлік есепке алынады. Кейін әр науқас адам өзінің күнделікті қанқысымын, қанда қант мөлшерін бақылап, уакытылы тағайындалған дәрілерін ішіп тұруы қажет.

Инсульт сырқатының басты себептері?

Инсульттің басты себебі — мидың қан айналымының бұзылуы. Миға қанның келуі толық немесе жартылай бұғатталады.  

 Инсульттің белгілері өте қарқынды дамиды. Ми аймағына канның келуі келесі себептер бойынша тоқтатылуы мүмкін:

✔ тромб, ұйыған қан - миға бөлінетін артерияны бітейді;

✔ мидың ішінде қан құйылады;

✔ ми мен бас қаңқасының арасындағы кеңістікте қан құйылады. Егер аурудың себебі тром болса, онда ол ишемиялық инсульт, егер қан ұйылу болса, геморрагиялық инсульт болады.

Салауатты өмір салты (темекі шегуден бас тарту, ішімдікті азайту немесе одан бас тарту, дене салмағын орташа деңгейде ұстап тұру, тұрақты физикалық жаттығулар мен үйлестірілген диета, өз денсаулығын күту бойынша өзіндік қамқорлықты күшейту) қан айналымы ауруларына жол бермейді.

 

НАО «Фонд социального медицинского страхования»

филиалпо Атырауской области

Телефоны: 8/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Единый колл центр – 1406

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT