Елордадағы "Атырау" көпіріне 101 дәрігердің суреті ілінді

(0 Votes)

Коронавируспен күреске жұмылған дәрігерлерге құрмет ретінде 101 ақ халатты абзал жанның суреті бас қаладағы "Атырау" көпіріне ілінді. Бұл туралы Хабар 24-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Руслан Мазунин есімді фотограф тек дәрігерлерді ғана емес, барлық медицина қызметкерін қамтуды көздеген. Көпірде санитардан бастап реаниматологтың суретіне дейін тұр. Фотограф ақ халаттыларды суретке жұмыс барысында түсірген. Сондықтан әрбірі өзіндік ерекшелікке ие.

Руслан Мазунин, фотограф: – Мен режиссер досыммен бірге инфекциялық ауруханаға бардым. Сол жақта медицина мамандарын суретке түсірдік. Білесіздер, көңіл құлазитын жаңалықтар аз болмады. Сондықтан осы арқылы мейірімділікті, ақ халаттыларға деген алғысымды жеткізгім келді, – дейді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT