Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған адамды тірілтіп алды

(0 Votes)
фото: https://www.inform.kz/

Шымкенттік дәрігерлер клиникалық өлім күйіне түскен адамды тірілтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қалалық №2 ауруханасына жедел жәрдеммен 52 жастағы қала тұрғыны аса ауыр халде жеткізілді. Науқас жолда клиникалық өлімді бастап кешкен. Қиындықтарға қарамастан, дәрігерлер оған дер кезінде алғашқы көмек көрсетті. Нәтижесінде жүрегі тоқтап қалған тұрғынның күретамыры қайта соққан.

«Тұрғын ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы өте ауыр болды. Клиникалық өліммен жеткізілді. ИВЛ аппаратын қостық. Қазіргі жағдайы тұрақты, науқас өздігінен демалып жатыр. Пациент үшінші күні жансақтау бөлімінен кардиология бөлімшесіне ауыстырылды», - дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Шераліұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521