Мақатта сегізінші адам коронавирус жұқтырды

(0 Votes)

Кеше Мақат кентінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 8-ші жағдай тіркеліп, ауру ошақтары анықталды. Науқас Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Бүгінгі күні науқаспен жақын қарым-қатынаста болған адамдар белгілі болып, олардан сынама алынуда.

Аудан орталығында «Мақат кентінде карантиндік режимді қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның «COVID-19» таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулы негізінде сақтық шаралары қабылданды.

5 маусымға дейін белгіленген карантин режимін бұзған жағдайда азаматтардың жауапкершілігі туралы ақпараттық түсінік жұмыстары жалғасуда. Оны аудандық төтенше жағдай жөніндегі штаб жанынан құрылған топтар жүзеге асыруда.

maqat-tynysy.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT