"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде"

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқында жолдаған әрбір Жолдауында ұлт денсаулығына айрықша тоқталады. Соның ішінде “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығының маңыздылығына ерекше тоқталып өткен болатын.

“Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды” - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жалпы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан өту әрбір адам маңызды деп ойлаймын. Себебі барлық тұлға өз өміріне, өз денсаулығына жауапты. Мемлекет тарапынан заңдастырылған жүйе арқылы аз ғана уақыты мен қаражатын жұмсай отырып, денсауылығын сақтандыра алады. Бұл таптырмас мүмкіндік. Күн көрістің қамы деп жүріп, денсаулығымызға ат үсті қарамағанымыз жөн. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік! Өмірімізді сақтандырып, бірінші байлығымызды сақтайық!

Ж.Қамза

Сурет ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT