Аудандық ауруханада - білікті кардиолог дәрігерлер

(0 Votes)

Бүгінде әрбір оныншы адамды жүрек ауруы мазалайды. Бұған дейін онкологиялық аурулар алдыңғы орында тұрса, соңғы жылдары жүрек-қан тамыр ауруларының жасарып кеткені жайлы жиі айтылып жүр. Мәселен, аудандық орталық аурухананың диспансерлік есебінде қан қысымының жоғарылығы бойынша – 1816 науқас болса, жүректің ишемиялық ауруы бойынша – 260 тұрғын тіркеуде тұр.

10 маусым күні жүрек, қан тамыр ауруларына шалдыққан аудан тұрғындары үшін арнайы  Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта қызмет ететін кардиологтар тобы іссапармен  келді. Олар жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасып, тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап берді.

img_3442

Науқастардың жағдайымен танысқан кардиохирург дәрігер Әлімжан Елжасов, узи дәрігері Алгүл Балғабекова, кардиолог-аритмолог Анар Жұмабекова орталық емханада көрсетіліп жатқан медициналық көмекке көңілдері толды. Екіжақты тиімді байланыс орнатуға жергілікті дәрігерлер де мүдделі екенін жеткізді.

«Біздің іссапарға шығудағы негізгі мақсатымыз - қала мен ауыл арасында байланыс орнату. Яғни, ауыл науқастарына республикалық деңгейде көмек көрсету. Оларға ем-дом алу үшін  жолдама беру. Мәселен, жолдама арқылы елордаға келіп, ем қабылдаса болады. Сондай-ақ, квоталармен таныстырып, науқастарға бағыт-бағдар беріп жатырмыз. Біз тек кардиология емес, үш бағытта науқастарды қарап жатырмыз. Жалпы, ауылдық жерлерде науқастар тексерістен өтпей, көп жүріп қалады немесе маман болмай жатады. Аритмология жағынан тіптен қиын. Мысалға алып қарасақ, Атырау облысында тек бір ғана аритмолог маманы бар екен. Сондықтан науқастар үшін бұл қиындау»,- деп пікір білдірді кардиолог-аритмолог дәрігері Анар Жұмабекова.

img_3450

Оның айтуынша, жүрек аурулары ерекшелігі мен табиғатына байланысты әртүрлі болып келеді. Көп жағдайда аяқасты жүрек талмасы ұстап, адам өміріне қауіп төндіреді. Кейбір жүрек ауруларына адамның өмір сүру салты, дұрыс тамақтанбауы себеп болса, кейбіріне адам генетикасы әсер етеді екен.

img_3437

Мамандар күні бойы аудандық орталық ауруханада жүрек-қан тамырларының созылмалы аурулары және ырғақ бұзылыстары бойынша есепте тұрған 15 тұрғынды қабылдап, УЗИ-ге түсіріп, жеке кеңес берді.

Ал денсаулықтары бойынша ем-домын жасап, кеңес берген дәрігерлерге аудан тұрғындары алғыстарын білдірді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT