Атыраулықтар белсенді түрде вакцина алуда

(0 Votes)

Атырауда 152 653 адам вакцинаның I компонентін, 111 372 адам II компонентін алды.

Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен өткен жиын барысында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының есебінен белгілі болғанындай, соңғы 10 күн ішінде облыста егілгендердің саны 13%-ға өсті.

- Қазіргі уақытта адамдардың екпеге деген көзқарасы жақсы жаққа өзгеруде. Олар коронавирустан қайтыс болып жатқан адамдарды көріп және вирусты жеңудің жалғыз жолы вакцинация екенін түсінуде.

Дегенмен, вакцинация бойынша төменгі көрсеткіш студенттер арасында байқалуда. Студенттердің 35% ғана коронавирусқа қарсы екпе алды, - деді Асхан Байдувалиев.

Оның айтуынша, вакцинация орталықтары барлық келушілерді қабылдайды, вакцина дозасының жетіспеушілігі мәселесі жоқ. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталғалы бері облысқа І компоненттің 170295 дозасы мен ІІ компоненттің 138 695 дозасы жеткізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT