Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде 68 адамнан COVID-19 анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында - 55, Жылыой ауданында - 3, Махамбет ауданы - 4, Құрманғазы ауданы - 1, Қызылқоға ауданында 5 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 62 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 6 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 11 адам емделді.
Қазір 600 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 52, аудандық инфекциялық стационарларда - 14 науқас ем алуда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.
Фото ашық дерекөздерден алынды