Ынталы жасқа қолдау қажет

(0 Votes)

2012 жылдан бері «Деңгейлік бағдарламалар» негізінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үдерісі басталған болатын. Бүгінде еліміздің білім беру саласында реформа көбейді.

Облыстан 6 мұғалім өткен жылдың 8 қарашасы мен 17 желтоқсаны аралығында Кембридж университетінің Білім беру факультетінде біліктілік тағылымдамасынан өтті. Бұл сапарға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қолдау көрсеткен.

Кембридж- ең көне университеттердің бірі. Оның ерекшелігі күні бүгінге дейін өзінің орта ғасырлық құрылымын сақтап отыр. Ауданнан шетел университетінде оқып білімін жетілдіріп келгендердің бірі - Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешенінің биология пәні мұғалімі Гүлімхан Құспанова болатын. Ол «Cұрақ қою тәсілдері және оқушының ынталылығын сабақта арттыру» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Бүгінгі күні шетелде алған білімін өз қызметінде пайдаланып жүр.

Г.Құспанова өзі біліп қана қоймай, әріптестерімен бөлісу мақсатында мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында «Дарынды ұрпақ – ұлт болашағы» атты тақырыбында шара өткізіп, онда іс-тәжірибесімен бөлісті.

Шара барысында мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар берді. Оқушыларды «Қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдауда оқушыларға жоспар құрып, іс-әрекет жасап, нәтиже шығарып, оқушылардың ойларын біліп, пікір алмасты.

Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінің қуанышын таба білсе, бойында жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі.

Шара соңында оқушылармен кері байланыс жасап, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.

А.ТАУМҰРЫНОВА,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521