Әбіш шығармалары дәріптелді

(0 Votes)

Өткен аптада Л.Шахатов атындағы орта мектебінде аудандық Әбіш Кекілбаев оқулары болып өтті.

Шара мектеп оқушылары арасында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев шығармаларын насихаттау, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдарын қалыптастыруды мақсат етті.

Байқау «Иллюстрациялық суреттер», «Мәнерлеп оқу», «Шығармашылық жұмыс», «Сахналық қойылым» атты төрт бағыт бойынша өтіп, 8 мектептен барлығы 25 оқушы қатысты. Байқау нәтижесінде Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан «Сахналық қойылым» бағыты бойынша І орынды О.Сарғұнанов атындағы орта мектеп, II орынды М.Баймұханов атындағы орта мектеп, III орынды Х.Санбаев атындағы орта мектеп иеленді.

«Иллюстрациялық сурет салу» бағыты бойынша І орынды Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Саламатова Аяулым, II орынды Л.Шахатов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Рустанова Гаухар, III орынды Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп оқушысы Қатышев Ердаулет иеленді. «Мәнерлеп оқу» бағыты бойынша І орынды М.Баймұханов атындағы мектеп оқушысы Асланова Эльенора, II орынды Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Жетібай Жадыра, III орынды С.Шарипов атындағы мектеп- интернатының оқушысы Аманжанқызы Жайна иеленді. «Зерделеу жоба» бағыты бойынша І орынды А.Құнанбаев атындағы орта мектеп оқушысы А.Адилова, II орынды Л.Шахатов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Мақсотова Айкөркем, III орынды М.Баймұханов атындағы орта мектеп оқушысы Г.Нұрланқызы мен Бәйгетөбе мектеп- балабақша кешенінің оқушысы Сақып Альбина иемденді. Барлық бағыт бойынша I орын алған жүлдегерлер облыстық байқауға жолдама алды.

К.НҰРМҰХАНОВА,

Л.Шахатов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521