Бүгін ауданда ҰБТ-ның екінші күні өтуде.
Елде орын алған ахуалға байланысты барлық санитарлық талаптар ескеріліп, оқушылардың арақашықтығы сақталды.
Түлектер алдымен дезинфекциялық тоннельден өтіп, дене қызуын өлшетіп, медициналық маска және қолғаппен қамтамасыз етілді.
Бүгін О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінен - 15, Х.Санбаев атындағы орта мектебінен - 63 оқушы сынақ тапсыруда.
Екінші лекке қатысуға тиіс 82 оқушының 4-еуі денсаулығына байланысты тестілеуге келмеді.
Барлық аудиториядан youtube әлеуметтік желісі арқылы онлайн трансляция жүргізілуде.
Алғашқы күннің нәтижесі бойынша С.Шарипов атындағы мектеп интернаты, А.Құнанбаев және Б.Қанатбаев атындағы орта мектептері 60% көрсеткіш көрсетті.
Ең жоғары балл - 122 болса, ең төменгі нәтиже - 16 балл болды.
М.Ізтұрғанова