ҰБТ: 3 КҮН

(0 Votes)

Ауданда бүгін ҰБТ-ның үшінші күні жалғасуда.

Оқушылар тест тапсыру орталығына барлық санитарлық талаптарға сай кіргізілді.

Л.Шахатов атындағы орта мектебінен - 24, М.Байхмұханов атындағы орта мектептен - 35 оқушы тест тапсыруда.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы “Жас ұлан” республикалық әскери мектебінде 11 сынып оқитын ауданның тұрғыны, жергілікті тест тапсыру пунктінен сынақ тапсыруға өтініш беріп, бүгін ҰБТ тапсыруға кіргізілді.

Тексеріс барысында тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 2 талапкер тестілеуден шеттетілді.

Сонда бүгін барлығы - 58 оқушы тест тапсыруда.

Л.Шахатов атындағы орта мектебінің үйден оқитын оқушысы Н.Чмаринге тест тапсыру үшін жеке резерв кабинет тағайындалды.

Кешегі күннің нәтижесі бойынша О.Сарғұнанов атындағы орта мектебі және Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушылары 56,8% көрсеткіш көрсетті.

Ережені бұзғаны үшін 1 оқушы аудиториядан шығарылып, тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521