Соңғы қоңырау сыңғыр қақты

(0 Votes)

Бүгін О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінде соңғы қоңырау соғылып, 9 түлек алтын ұясымен қоштасты.

Салтанатты шараға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Алмабек Абдолов, облыс бойынша сәулет құрлыс басшысы Гүлбаршын Арыстанова және Ораз Сарғұнановтың отбасы қатысып, оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздар қауымын соңғы қоңырау мерекесімен, оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Биыл аталмыш мектепті 489 оқушы тәмамдап отыр. Оның 100-і оқу озаттары. Жалпы мектептің білім сапасы 59,3 пайызға тұрақталып, аудан мектептерінің алдыңғы көшін бастап тұр. Үш тілде жүргізілген шара барысында аудандық білім беру бөлімі атынан биылғы оқу жылында ғылыми жарыстарға, спорттық-әскери шараларға, сондай-ақ, білім бәсекесіне қатысқан оқушыларға Алғыс хаттар тапсырылды.

Түлектер мен 1 сынып оқушылары сыйлықтармен алмасып, мектеп вальсін биледі. Салтанатты шара аясында О.Сарғұнановтың құрметіне арналған мемориальды ескерткіш тақта ашылып, гүл шоқтары қойылды. Содан соң, сыңғырлап соңғы қоңырау соғылды.

Шара соңында мектеп түлектері ұшырған ақ көгершіндер мен түрлі-түсті шарлар жиналғандарды ерекше көңіл-күйге бөледі.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521