Туған өлке тарихын зерттеді

(0 Votes)

"Жаңартылған білім беру мазмұнында тарих пәнін тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары".

Осы тақырыппен М.Баймұханов атындағы орта мектебінде аудандық тарихшылардың семинары өтті.

Семинар барысында атлмыш мектептің мұғалімі Ж. Юсупова "Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық - құқықтық жүйесі" тақырыбында ашық оқушылардың тақырыпты меңгеруіне толықтай мүмкіндік жасаса, Х.Санбаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Г. Сартаева мен М.Баймұханов орта мектебінің тарих пәні мұғалімі С.Жұмабекова 8-сыныпқа командалық сабақ жүргізді. Мұғалімдер 40 минутты шебер пайдаланып, қызықты әдіс - тәсілдерімен оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттырды.

Тарих пәні мұғалімі Ж. Даулетова "Мұнайлы өлке - Мақатым" тақырыбымен ашық тәрбие сағатын өткізді.Шараға кітапханашылар С. Қожантаева, М. Мұханбетова Атырау мен Мақат және Доссор мұнайшылары туралы кітап көрмесін таныстырды. Мақат ауданының 95 жылдығына және қазақ мұнайының 120 жылдығына орай өлкенің жұмысшылары туралы көптеген мәліметтер келтірді. Аталмыш шараға оқушылар белсенді атсалысты.

Жергілікті өлкетанушы Айбосын Елеусіновтің шығармларынан алынған мұнайшылар туралы деректі көріністі сахналады. Балалар бұл көріністе еңбекқор, Ленин, Қызыл Ту орденінің иегері мұнайшылармен бірге ұсталық қызмет атқарған Даулетов Аронды және мұнайшы Даулетов Шайқымды және тағы басқа мұнайшылардың рольдерін сомдады. Бұл тәрбиелік шараны өткізудегі мақсат жергілікті майталман мұнайшыларды таныту еді. Көрермен көңілінен шыққан қойылымнан Мақат мұнайшылары туралы мәлімет алуға септігі тиді. Мектеп мұғалімі С.Жұмабекова жаңашылдық бағыттығы әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы коучинг өткізді.

"Ашық микрофон" арқылы ұстаздар жаңашылдығымен, шығармашылығымен танылды.

Ж. Ақатқызы,

тарих бірлестігінің жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521