Атыраудағы NIS оқушысы Жанерке Ерболатова жетекшісі, химия пәні мұғалімі Рахымжан Қосановпен бірге және Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғалымдарымен бірлесіп, «Күкірт қышқылын алу тәсілі» тақырыбында ғылыми зерттеу жүргізді.
Бұл жобаның мақсаты – мұнай өңдеу кезінде пайда болатын қалдық күкіртті тиімді пайдалану арқылы өңір үшін маңызды экологиялық мәселеге шешім табу.
Зерттеу жұмысының алғашқы нәтижелері сәтті болып, жоба патентке ие болды. Қазіргі таңда зерттеу әрі қарай жалғасуда және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда.
Бұл жетістік – жас зерттеушінің табандылығы мен ұстаздың бағыт-бағдарының, сондай-ақ ғылым мен білімнің өзара ықпалдастығының жемісі.