Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Ерікті болу – ерлік» атты семинар – тренинг өткізілді.
Шара жастардың саяси-әлеуметтік мәдениетін және ерікті азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыруды мақсат етті. Биылғы жыл еріктілер жылы деп жарияланды. Яғни, біздің елдегі еріктілердің ерік-жігерін жанитын жыл болмақ.
![]()
Тренинг барысында орталық мамандары «ерікті» сөзіне тереңірек тоқталып, түсінік берді. Кейін студенттер «Ерікті дегенді қалай түсінесіз?» сұрағы төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Өз бастамаларын, ұсыныстарын айтып, жоба қорғады.
![]()
Тренинг соңында колледждің ерікті студенттер тобы құрылды. Алдағы уақытта еріктілер қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуға уағдаласты.
Өз тілшіміз



