Білім беру сапасын арттыру маңызды

(0 Votes)

 Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген кеңесінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі №23-01-7.3 хаттамасының 2.23-тармағына сай, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепте алған білімді объективті бағалау жүйесін қалыптастыру тәсілдерін енгізу бойынша жол картасын іске асыру шеңберіндегі іс-шараларын жүзеге асыруда. Осы орайда, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті, Атырау облысының Білім басқармасымен бірлесе отырып «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары оқыту үдерісін жаңаша әдіс-тәсілдер, цифрлық платформалар арқылы білім, білік дағдыларын дамыту, оқыту сапасын арттыру, білім жетістіктерін бағалаудың тиімді амалдарын жетілдіру мақсатында тәжірибелік іс-шаралар өткізуде. 

Мақсаттарды жүзеге асыру үшін Атырау облыстық Кәсіби даму институты филиалымен бірлесе, оқыту үдерісін жаңаша құру жолдарын қарастыру, инновациялық технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарын көрсету, оқушыларды ізденуге өзіндік пікір тудыруға, сыни тұрғыдан ойлануға, ақпаратты талдауға, қорытындылауға, алған білімдерін өмірде қолдануға бағытталған бағдарлама дайындалды.

2023 жылдың 16 қарашасы мен 20 қараша аралығында облыста 48 білім беру ұйымдарының педагогтерінің қатысуымен 3 күндік тәжірибелік семинар жұмыстары өткізілді. Семинар 16-17 және 20 қараша күндері Мақат аудандық білім бөліміне қарасты О.Сарғұнанов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында білім беру ұйымдарының 4 және 9 сынып пән мұғалімдерінің қатысуымен өтті.

Семинар жұмысына филиал директоры Роза Дәулетова қатысып, алғы сөзін арнады. Институт басшысы өз сөзінде облыстық білім сапасына шолу жасай отырып, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін өткізудің маңыздылығын жеткізді.

Аталмыш семинарға, Жылыой ауданынан М.Сатыбалдиев атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектеп, №1 жалпы білім беретін орта мектеп, №5 Абай атындағы жалпы орта мектебі, №20 жалпы білім беретін орта мектеп, Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп, №19 жалпы орта білім беретін мектеп, Қызылқоға ауданынан Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп, Мақат ауданынан А.Құнанбаев атындағы орта мектеп және О.Сарғұнанов атындағы орта мектеп педагогтері қатысып, ғылыми-жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығы бойынша әдіс-тәсілдер арқылы түрлі тапсырмалар орындалды.

Семинар барысында оқытудың инновациялық технологиялары арқылы білім алушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылық дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеуде педагогтердің шеберліктерін жетілдіру, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндер оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары Г.Қаленова, Г.Тажиева, А.Жұмағалиева, Р.Ахметова, Г.Нұрмұханова және И.Тайманов атындағы мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Ш.Сарманова, физика пәні мұғалімі Г.Сәрсенғалиева, №37 мектептің математика пәні мұғалімі К.Бекішева өз тәжірбиелерімен бөлісті.

Семинар аясында педагогтер өз тәжірибелеріне талдау жасай отырып, алдағы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін өткізуде (ББЖМ) тың идеялар ала алғаны көрінді. Ортақ ой түйді, сенімді тұжырым жасап тарқасты.

Осындай ауқымды шараларды өткізу арқылы педагогтер өз тәжірибелеріне талдау жасап, білім алушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылық дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлей алады. Білім алушылардың мектепте алған білімдерін обьективті бағалау жүйесін қалыптастыру тәсілдері аясында педагогтер кәсіби құзыреттіліктерін дамытады деген сенімдеміз.

Г.НҰРМҰХАНОВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Атырау облысы бойынша

Кәсіби даму институты»

«Жаратылыстану және гуманитарлық

пәндерді оқыту әдістемесі»

кафедрасының аға оқытушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT