Батырхан Шеруен – XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жүлдегері

 Батырхан Шеруен – XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жүлдегері
(0 Votes)

Елордада математика, физика және информатика бойынша XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO) аяқталды. Білім додасына әлемнің 15 елінен 700-ге жуық оқушы қатысты. Бес күнге созылған байқау 2 турдан тұрды. 

Аталған тартысты додада Атыраудағы NIS оқушысы Батырхан Шеруен жүлделі 2-орынды иеленіп, күміс алқа қанжығалады.

Айта кету керек, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 5 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алған болатын. Мектебіміздің зейінді оқушысы сол жеңімпаздар арасынан табылғаны көңіл қуантады.

Қатысушылар арасында Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия, Моңғолия және Қазақстанның озат оқушылары болды.

Қатысушылардың білімін қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев бастаған топ бағалады. Халықаралық қазылардың тапсырмалары жоғары стандарттарға негізделген.

Айта кетейік, олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданы ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастырды. Жүлдегер оқушымыз бен оның ұстаздарын тұғырлы жеңіспен ұжым атынан құттықтаймыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT