Жайлы мектеп – білімді ұлт кепілі

Жайлы мектеп – білімді ұлт кепілі
фото: www.gov.kz
(0 Votes)

Білімді ұрпақ – іргесі мықты елдің болашағы. Бүгінде елімізде баланың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалуда. Соның бірі - «Жайлы мектеп» жобасы.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28 қаңтардағы өзінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында тілге тиек еткен болатын.

«Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталады. Барлық аймақта заман талабына сай тірек мектептер желісі құрылып жатыр. Менің тапсырмаммен үш жыл ішінде тағы 1300 мектеп жаңғыртудан өтеді. Бұдан бөлек, Үкімет заманауи мектептер салуға қолайлы жағдай жасап, орта білім беру саласына жеке инвестиция тартуы қажет»,- деді ел Президенті.

Иә, бүгінде жоба аясында республиканың түкпір-түкпірінен жаңа мектептер салынып жатыр. Оның бір дәлелі өз ауданымыздан да жүзеге аспақ. Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта ауданымызда да осы жоба негізінде жаңа мектептер салынбақ. Осындай жұмыстар арқасында аудандағы білім ордасының жеткіліксіздігі мәселесі оң шешімін таппақ. Өйткені қашанда жайлы мектеп – заман талабы.

Дулат Тастаев,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT