Бұл туралы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Маржан Ғалымжанова баспасөз брифингінде мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
– 2025 жылға жоспарланған 94 курсқа 2350 педагог қамтылмақ. Қазірдің өзінде 81 курс аяқталып, 2022 мұғалім білімін жетілдірді. Тағы 5 курста 128 педагог оқып жатыр. Жыл соңына дейін 8 курс өткізіліп, 200 педагог қамтылады. Ал мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 50 педагог екі курсты сәтті аяқтады, – деді М.Ғалымжанова.
Сонымен қатар педагогтер қажеттілігіне сай курстар ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері 12 курс өтіп, 300-ге жуық педагог қамтылды. Бұған қоса техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының сұранысы бойынша инклюзивті оқыту мен мектепке дейінгі тәрбие бағыттарында курстар жалғасуда.
Спикердің айтуынша, «Action Research», «Болашаққа бағдар» және «Инновациялық сабақтар» сияқты жаңа жобалар іске қосылып, жас мұғалімдерге әдістемелік қолдау күшейтілді.
Осы жылы елімізде «Ұстаз» ұлттық платформасы қолданысқа енгізіліп, Атырау облысында 744 білім беру ұйымы мен 11 мыңнан астам педагог тіркеліп, 2989 мұғалім аттестациядан өтті.
– Педагог мәртебесін арттыру – білім сапасын көтерудің басты шарты. Сол үшін біз курстармен қатар ғылыми-зерттеу, әдістемелік сүйемелдеу және жаңа жобалар арқылы ұстаздарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеміз, – деп қорытындылады М.Ғалымжанова.