Қашықтан оқу басталды

(1 Vote)

Жаңа төртінші тоқсан басталды. Бірақ айнала тып-тыныш. Қоңырау үнінің сылдырламағанына да үш аптадан асты. Есесіне, бұл тоқсан тарихта қалары сөзсіз. Осылайша елімізде білім беру жүйесінде қашықтан білім алудың қандай болатынын байқап көруге мүмкіндік беріліп отыр.

Қашықтан оқу - әдеттегідей қырық минут көлеміндегі сабақ емес. Бұл үрдістің әдіс-тәсілдері, қағидалары да басқа. Қашықтықтан оқу барысында теледидар, интернет платформалар, электронды журналдар, пошта және мессенджерлер пайдаланылады. Оқушылардың тапсырманы еркін орындап, видео сабақтарды бірнеше мәрте қайталап көруіне мүмкіндіктері де бар. Бала үйде болғандықтан, енді қадағалау тікелей ата-ананың мойнында. Осы ретте әрбір ата-ана сабырлық сақтап, үй жағдайында баланың білім алуына жайлы мүмкіндік туғызып, оқу үлгерімін жіті қадағалауда жауапкершілік танытқаны абзал.

Сонымен ә дегеннен оқушылар мен ұстаздар 6 сәуірден бастап төртінші тоқсанды қашықтан оқыту форматымен бастап кетті. Енді күн сайын таңертең 09:00-ден 15-00-ге дейін аптаның 5 күні бойы «balapan» телеарнасынан қазақ тілінде және «EL ARNA» телеарнасында орыс тілінде арнайы қосымша сабақтар көрсетілуде. Телеарнадан көрсетілген сабақтар сондай-ақ уoutube және білім беру платформаларына жүктелетін болады. 

«balapan» телеарнасы бойынша 4992 оқушы білім алса, «EL ARNA» телеарнасының ресурстық сабақтарын 1353 оқушы тамашалады. Сонымен қатар, сабақ барысына «Youtube» каналы қосымша қолданыла отырып, «Whatsap», «Telegram», «ClassRoom» қосымшалары арқылы мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнатылды. Сондай-ақ, оқушылар «Kundelik.kz» электронды журналы арқылы тапсырмалар қарап, орындап кері байланыс жасаған.

Бірақ, аталған журналды пайдаланушылар санының көптігінен, журналды толтыру барысында қиындықтар кездескен. Сондай-ақ, интернет жүйесі қуатының төмендігі де оқу барысында кедергі туғызған. Жалпы аудандық білім беру бөлімінің мамандары қашықтан оқытудың алғашқы күндері өз деңгейінде сәтті өткенін айтады. Республикалық телеарналардың сабақ кестелері және мектеп әкімшіліктерінің бекіткен сабақ кестесі алдын-ала онлайн режимінде жиналыс өткізіліп, мектеп ұжымдарына, ата-аналарға және оқушыларға түсіндіріліп, кеңінен таныстырылған. 

Бұл қашықтан оқу үрдісі төтенше жағдайға байланысты 22 мамырға дейін жалғасады деп күтілуде. 

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521